Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген “төбелесіп қалды” - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген “төбелесіп қалды”

Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген “төбелесіп қалды”

Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген төбелесіп қалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.  Алайда шынайы өмірде емес, тек арнайы жобаны

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 1073
Фото - Caravan.kz

Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген төбелесіп қалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

 Алайда шынайы өмірде емес, тек арнайы жобаның дайындығында. Олар белгілі бір жоба аясында осылайша мастер класс көрсетуді жөн көрсе керек.

Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген халыққа “Жау жүрек мың бала” фильмі арқылы танылды. Аталған фильмнен кейін қос актердің бағы жанып, шетелдік кино фестивальдеріне барды. Бүгінде екеуі жақын дос болып араласып, түрлі жобаларға атсалысып жүр.

Аян Өтепберген биыл депутат болған Асылхан Төлеповке үнемі қолдау көрсетіп, оның ұйымдастырған шараларына атсалысып жүреді. Ал кейінгісі өз кезегінде Аян Өтепбергеннің концерттік бағдарламаларында өнер көрсетіп, оған барынша демеу болуға тырысады. Бүгін бұл жігіттер төбелесуден мастер класс көрсетті. Осылайша белгілі бір жобаға дайындалып жүрсе керек.

Су ішінде тұрып төбелескен сәттерін видеоға түсіріп, оны инстаграм желісі арқылы бөліскен екен. Видео жігіттерден гөрі, қыз қауымына көбірек ұнап жатыр. Олар жігіттердің төбелесу техникасы мен дене сымбатына тамсана қарап, жағымды пікірлер білдірді. Мұнымен қатар, арасында жігіттер былапыт сөздермен балағаттап жатты.


“Сені де Мәслихат депутаты дейді ғой. Істейтін іс таппадың ба? Ақымақ болған соң осы”, “Депутаттар адам емес пе? Ұнаған нәрсесімен айналыссын. Әлде костюм шалбар киіп, кабинетте қамалып қана отырулары керек пе?”, “Жас бола тұра көп нәрсеге қол жеткізді. Өзгелер секілді әскери билетті сатып алған жоқ, оны қара тердің арқасында алды. Өзінің жеке бизнесі мен үйі де бар” дейді желі қолданушылары.