"Асылып қалды деген өтірік сөз": Марқұм Шерзат Болаттың туыстары оның ағасының өліміне қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асылып қалды деген өтірік сөз": Марқұм Шерзат Болаттың туыстары оның ағасының өліміне қатысты бар шындықты айтты

"Асылып қалды деген өтірік сөз": Марқұм Шерзат Болаттың туыстары оның ағасының өліміне қатысты бар шындықты айтты

Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза болған марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қайтыс болғаны анықталды.

  • 9 Желтоқсан
  • 546
Kyn.kz

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Шерзат Полаттың ағасының суицид жасағанын туыстары жоққа шығарады, деп хабарлайды Orda.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz.

9 желтоқсан күні Талғардың шетінде Шерзат Полат ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі — асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады деген ақпарат берген болатын. 

Дегенмен, Ғаепбаевтың отбасы суицид нұсқасын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бұл туралы оның әпкесі бізге айтып берді. Қазіргі уақытта туыстары пікір білдіруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салуда. Олардың айтуынша, марқұмның денесі мәйітханада жатыр, ал полиция өлімнің мән-жайын тергеп жатыр. 

«Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай моргта жағдайды анықтауда. Қалғанын адвокаттар айтады», – деп қысқа қайырды әпкесі Бақыт.