Асылжан Мамытбеков: «Нан бағасы қымбаттамайды!» - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылжан Мамытбеков: «Нан бағасы қымбаттамайды!»

Асылжан Мамытбеков: «Нан бағасы қымбаттамайды!»

Нан бағасы қымбаттамайды. Бүгін еліміздің бас агрономы осындай уәде берді. 

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың тым сенімді сөйлеуіне биылғы астықтың шығымдылығы себеп. Алқаптар әр гектарынан 12 центнерден өнім беріп жатыр. Есесіне, қамбаға 18 млн. тонна бидай түспек. Қазір өңірлерде астық орылып бітуге жақын. Ол ішкі сұранысты жабуға да, экспорттауға да молынан жетеді. Министр мол астықтың былтырғыдай шіріп кетпесіне де кепілдік беріп отыр. Себебі элеваторларда орын көп. Десек те ору науқаны тағы да үлкен шумен аяқталғалы тұр. Бұл жолы еліміздегі бірнеше диірмен қожайындары банкротқа ұшыраудың алдында. Себебі нысан көптеп тұрғызылғанымен, пайдаланылмай бос қалған.   Бірақ бұған бола шенеуніктер аса алаңдап отырған жоқ. Олардың көңіліне демеу болатыны ас атасын құнын ұстап қалулары.


Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

—  2007 жылы нанның бағасы  соңғы рет күрт өзгерді. Содан бері нан бір деңгейде қалыптасып  тұр. Ол 600 граммдық бірінші сотттық нанға  43-44  теңге орташа қалыптасқан.