Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде ажырасқан отбасында ортада қалған баланың жағдайын жасамай, ажырасуға тыйым салу керектігі жайлы ауқымды мәселе қозғалды.
«Ерлі-зайыптыларды ажырастырған сот оларға, ортақ балалары алдындағы жауапкершілікті де заңды түрде арқалатуы керек!
«Балалар не жейді, қайда тұрады, қауіпсіздігіне кім жауапты..» деген сұраққа жауапты ерлі зайыптыны ажырастарып отырған судья, өзі шығармақ сот шешіміне «дәу шрифтпен» жазып беруі тиіс!
Сосын, бұл шарттардың орындалуын учаскелік полицияға жүктеген дұрыс!
Ол үшін, мәжіліс депутаттары «отбасы» заңына «ата-ана ажырасу барысында бала құқығы тапталмауы үшін: ажыраспақ ата-ана тарапынан ортақ балаларға материалдық жағдай жасалмайынша, не, балалар кәмелеттік жасқа толмайынша — ажырастырмау керек» деп толықтыру керек!
Сонда, сот, ерлі зайыптыны ажырастырарда, балаларға жасалған жағдайды қоса зерттеп, қарайтын болады!
Балалар жағдайы жасалмаса — қағаз жүзінде ажырастырмайды!
Сонда, бұрын некеде тұрғанда «балалары жағдайын жасамаған» еркек те, әйел де басқаға заңды түрде үйлене алмайды: басқа жақты лаңдамайтын болады!
Бес байдан 5 бала тауып — көшеде қайыр сұраған әйел көп.
Әйелді пайдаланып —бала тудырып— лақтырып кететін еркек «млн».
Осының бәріне тосқауыл қойған жөн!», деп жазды.
«Өте дұрыс ұсыныс, 2-3 баламен ажырасып не дұрыс жұмыс жоқ, не үй жоқ қаңғырып, ең соңында депрессияға өшін балаларынан алып жүретін адамдар жетеді. Мұндай жағдайды соңы жаппай өлімге алып келетінін көріп жүрміз. Сосын сен бәріне үлгересің, қолыңнан бәрі келеді деп ажырастыруға итермелейтін коуч-психологсымақтарды бір ретке келтіру керек», «Осындай проблемаларды көтерсеңізші, сонда сүйкімдірек екенсіз. Дінмен жағаласа бермей», «Дұрыс шешім», деп жазды оқырмандар қолдау білдіріп.