Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл бұл көмекті орта есеппен 853,6 мың отбасы алды. Жалпы жәрдемақы сомасы 201,9 млрд теңгеге жетті.
Кімдер жәрдемақы ала алады?
- Көпбалалы отбасы – 4 және одан көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар, табысына қарамастан.
- Наградталған аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын иеленген, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар.
2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері (балалар санына қарай):
- 4 бала – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
- 5 бала – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
- 6 бала – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
- 7 бала – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
- 8 және одан көп бала – әр балаға 15 728 теңге (4 АЕК).
Наградталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері:
- «Күміс алқа» иелеріне – 25 165 теңге (6,40 АЕК);
- «Алтын алқа», «Батыр ана» және «Ана даңқы» ордені иелеріне – 29 097 теңге (7,40 АЕК).
Қосымша ақпарат:
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақылар 6,5%-ға өсті.
- 2025 жылдың сәуірінде осы жәрдемақыларды 860 мыңнан астам отбасы алған, жалпы сомасы 51 млрд теңге.