"Ата-аналар мектепке басқыншылар сияқты баса-көктеп кіреді" - Оқу-ағарту министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ата-аналар мектепке басқыншылар сияқты баса-көктеп кіреді" - Оқу-ағарту министрі

"Ата-аналар мектепке басқыншылар сияқты баса-көктеп кіреді" - Оқу-ағарту министрі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдер мәртебесі туралы сөз қозғап, ата-аналар туралы да айтты.

  • 4 Маусым
  • 1135
Егемен Қазақстан

Бұл туралы ол «Qogam news» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Былтыр күз мезгілінде ата-аналармен кездесу өтті. Мен еш ұялмай «Ата-аналар мектепке басқыншылар сияқты баса-көктеп кіреді» деп айттым. Қолдарына телефондарын алады да, басқыншылар сияқты мектепке баса-көктеп кіреді. Олай жасауға болмайды. Мұғалімдер біліммен айналысады. Оларға ешкім кедергі келтірмеуі керек, өз жұмыстарын жасаулары керек. Өзіңіз ойлап қараңыз, сіз мұғалімсіз. Ата-ана келіп, сізді видеоға түсіріп, буллинг жасайды делік. Ол мұғалімнің өзіне келуге біраз уақыты кетеді. Мектепке келіп айқайлап, ұрысады. Менің байғұс әріптестерім педагогке сай шыдайды. Оған жол беруге болмайды. Мектеп — киелі орын. Бұл мекемеге ешкімнің рұқсатсыз баса-көктеп кіруге, кінә тағуға немесе өз ішкі шешілмеген жараларын осында шығаруға хақысы жоқ», — деді Оқу-ағарту министрі.