Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актриса сұмдық жайт туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Өкінішке қарай ұрланған жігіт арыз жазбайды. Оның ата-анасы да, өзі де, қатты қорқып қалған. Қанша жыл жұмыс істеген жерінен Алматыдан үйіне қайтуға мәжбүр болды. Жалған ақпарат таратқанға заңда статья бар екенінен хабарымыз бар. Сондықтан өз сөзіме сенімдімін.
Қолымыздан келгенін жасадық. Ол да, берудің баласы, маған сеніп жіберіп қойған. Оның қауіпсіздігіне де, алаңдаймыз.
Сенбей өтірік деп отыруға менің дәтім бармады. Барынша сіздерге ескерту видеосын жасадым. Мұндай резонанс істі айту мен үшін де, үлкен жауапкершілік. Сақтықта қорлық жоқ», — деп жазды ол.