Ата-анасы жаңа туған қызына ChatGPT деген есім қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анасы жаңа туған қызына ChatGPT деген есім қойды

Ата-анасы жаңа туған қызына ChatGPT деген есім қойды

Колумбияның Кордова департаментіндегі Серете қаласында бір отбасы жаңа туған нәрестесіне Чат Йипити Бастидас Герра деп ат қойып, көпшіліктің талқысына түсті

  • 21 Тамыз
  • 11
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл есім танымал жасанды интеллект бағдарламасы ChatGPT-ке арналған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ата-ана мұндай қадамды «технология мен жасанды интеллекттің жаңа дәуіріне құрмет» ретінде түсіндірген. Елдің ұлттық азаматтық реестрі бұл ерекше есімді еш қарсылықсыз тіркеген.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінді: бірі мұндай есім баланың болашағына қиындық әкелуі мүмкін десе, екіншілері шешімді креативті әрі «прогрессивті» деп бағалады.

Заң бойынша, Колумбияда есім таңдауға ресми тыйым жоқ. Дегенмен, ұлттық АХАТ қызметкерлері ата-ананың таңдаған есімі баланы қорлауы немесе оның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін деп санаса, тіркеуден бас тартуға құқылы.

Перейти к новостям спорта