"Ата-бабаларымызда 36-40 тіс болған": Тіс дәрігері қазіргі таңда адамдардың тісі азайып бара жатқандығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ата-бабаларымызда 36-40 тіс болған": Тіс дәрігері қазіргі таңда адамдардың тісі азайып бара жатқандығын айтты

"Ата-бабаларымызда 36-40 тіс болған": Тіс дәрігері қазіргі таңда адамдардың тісі азайып бара жатқандығын айтты

Тіс дәрігері Салтанат Исаева тіс күтімі жайлы ақпараттармен бөлісті.

  • 2 Желтоқсан 2024
  • 83
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол ата-бабаларымыз тісінің мықты болуының себебі, олар алма жеген деді:

Ата-бабаларымызда 36-40 тістен болған. Қазіргі таңда бізде 28-32 тіс қана қалған. Неге десеңіздер, жағымыз кішірейіп бара жатыр. Ал, жақ не үшін кішірейеді деген сұрақ болатын болса, біз тіске тренировка мүлдем істемейміз. Тіске тренировка ата-бабаларымыз білген. Олар мықты сүйек мүжитін болған, Құрт, алма жеген. Ал, біз қазір фастфуд жейміз. Жұмсақ нәрсе жейімз. Не жесек те майдалап жейміз. Содан, жақ кішірейген. Жақ кішірейген сайын, тіс азаяды. Біз 32 тіс норма деп ойлаймыз. Қазір көбісінде 28 тіс, көбісінде ақыл тістері мүлдем шықпайды. Сол себепті тіске тренеровка қажет. Күнделікті бір алма жеп тұру керек.

«Ата-бабаларымыз крокодил болған десей. 40тіс», «Ит болған ба сонда олар 40 тіс болған», «Ол кезде 32 болған, 32 тістен шыққан сөз 32 руға тарайды деген мақал мәтел бар. Егер 40 болғанба 32нің орнына 40 немесе 36 сөзін пайдаланатын еді. Қуа беруді қою керек», деп жазды оқырмандар.