Ата заң мерекесіне орай Зеленов ауданында қазақ ұлт аспаптар оркестрі ашылды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата заң мерекесіне орай Зеленов ауданында қазақ ұлт аспаптар оркестрі ашылды - БҚО

Ата заң мерекесіне орай Зеленов ауданында қазақ ұлт аспаптар оркестрі ашылды - БҚО

Конституция күніне орай Зеленов ауданында маңызы зор, мағынасы терең мерекелік шара өтті. «Конституция күні - біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.

  • 31 Тамыз 2012
  • 636
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр» — деген сөзімен бастады өз құттықтауын аудан әкімі Марат Оңғарбеков.

Мұндағы мерекелік марапаттаулардың да мәні бөлек болды. Ауданның «Құрмет тақтасына» ұсынылған, еңбегімен еленген ауданның 40 тұрғынына сертификат табыс етілді. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, белсенді жастар, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері, спортшылар бар.

Мерекелік шарада аудан әкімі Марат Кенжетайұлының бастамасымен және тікелей қолдауымен құрылған аудандық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа өнер ұжымына Қазақстанның халық әртісі, жерлес композитор Тұяқберді Шәмелов жол көрсетіп, оркестр мүшелеріне дәрісін берді. Құрамы 41 адамнан тұратын оркестрдің дерижері және көркемдік жетекшісі — білікті маман, өнегелі ұстаз Асқар Құсайынов. Атымтай жомарт азаматтар «Орал Ойнд энд Газ» акционерлік қоғамының директоры Арман Қабжанұлы мен «Мио Каспиан Ойл энд Газ» акционерлік қоғамының директоры Габор Пакоздидің демеушілігімен құрылған оркестр күй атасы Құрманғазының «Серпер» күйімен шымылдығын ашты. Оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған патриоттық әндер мереке көркін қыздырып, ұлт рухын асқақтатты.

Перейти к новостям спорта