Продюсер желідегі парақшасына қыздарының суретін жүктеп, баланы қалай тәрбиелеу керек екенін айтты. Баян Алагөзова баласын ақымақ санайтын адамның өзі де оңып тұрмағанын айтады. Осылайша өнер иесі бала тәрбиесінде пікір еркіндігіне, теңдікке мән берген дұрыс екенін айтты.
"Ата-аналардан балаларының санасыз екенін көп естимін. Мен балаларын да, ата-аналарын да аяймын. Негізінде ата-аналары санасыз. Өйткені, балаларына өз уақытында олардың керемет, талантты адам екендігін айтпай, олардың қолынан бәрі келетінін түсіндірмеген. Тек ата-аналар ғана баласына келер күнге деген сенімділік сыйлай алады", — дейді Баян Алагөзова.
Баланың ойымен санасып, үлкен адам сияқты қалыптастырған жөн дейді ол. Балаңыз қандай болсын десеңіз, өзіңіз сондай болыңыз деп ақыл айтты.
"Баладан жетістік талап еткен кезде, сол жетістіктің негізін қалайтын ата-ана екенін ескерген жөн. Балаларыңызбен кішкентай күнінен-ақ үлкен адам сияқты сөйлесіңіз. Өзіңіздің мықты, ақылды, көпті көрген екеніңізді қолданбаңыз. Сыйластық керек болса, өзің сыйла, махаббат керек болса, өзің жақсы көр", — дейді проюсер.