Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“Өлә, мына жұртты айтамын. Барби дегенді аталары аманат еткендей әбігерге түсті-ау. Кей қыздарға әуелі қотырым қозды”, – деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін бірнеше отандық шоу-бизнес өкілдері Барби образына еніп, әлеуметтік желідегі парақшасында видо жариялаған еді.
Атап айтсақ, әнші, актриса Салтанат Бақаева қуыршақтың образын жасап, эксперимент жасағанды ұнататынын айтқан болатын.
Балжан Бидаш та трендтен қалмады. Әнші өз образын барынша ерекшелеуге тырысты.
Қысқа қызғылт көйлек киген Әсел Сағатова Барби қуыршағының қорабынан табылды.
Актриса Жәния Джуринская да Барбиден аумай қалған.