"Аталық ұрығымды қытайлар алып қалды". Аспан асты елінен келген қазақ жігітінің өкініші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аталық ұрығымды қытайлар алып қалды". Аспан асты елінен келген қазақ жігітінің өкініші

"Аталық ұрығымды қытайлар алып қалды". Аспан асты елінен келген қазақ жігітінің өкініші

Бұл жағдай туралы мақала қазір әлеуметтік желіде таралып жатыр. Оны аспан асты елінен келген қазақ жігіті айтып берген.

  • 25 Қаңтар 2018
  • 2420
Фото - Caravan.kz

"Бұл — шын болған оқиға. Бұл күнде Алматыда тұратын Қытайдан елге оралған бауырымыз бұл әңгімені көзіне жас ала отырып айтып берді" деп жазады Sagimbek Ermek есімді желі қолданушысы. Caravan.kz медиа-порталы әлгі жігіттің айтқандарынан үзінді жариялауды жөн көрді.

— Мен өте үздік оқыдым. Соның нәтижесінде Пекиндегі бір жоғары оқу орынына емтиxансыз қабылдандым. Ол жерде бір-екі жыл қытай тілінен қиналсам да, артынан бәрін басып оздым. Республикалық студенттер олимпиадасы, xалықаралық студенттер олимпиадасы секілді жарыстарда топ бұзып жүрдім. Сабағым да, спортым да үздік болған соң маған қытай қыздары өліп-талып жабысты. Бойым ұзын, сүйегім ірі еді. Мен ол қыздардың біріне де қарамадым. Олар маған сан түрлі айла-шарғылар қолданды. Мен бәріне пысқырып та қарамадым. Тіпті, шәйіме қоздырғыш дәрі қосқан кездері де болды. Онда да сүрінбей өтіп кеттік. Сөйтсем, мұның барлығы жоспарлы түрде істелген жұмыстар екен. Пекинде бишілерді дайындайтын Пекин би институты бар. Онда кілең сұлу қыздар оқиды. Көбісі бастықтар мен байларға бәйбіше-тоқал болып кетеді. Сол институттың сұлулары неге мені жағалап қоймайды десем артында үлкен гап бар екен ғой…

Демек, бәрі де арнайы жоспармен, арнайы тапсырмамен болған екен. Оқуымды беске оқығаныма қарамастан маған диплом бермей қойды. Айтпақшы, тұтас сыныптағылардың бәрінің шетелге шығатын паспортына тимегенде менің паспоотымды алып алды. Сұрасам не дипломды не паспортты бермейді. Мен ештеменің байыбына бара алмай Пекинде жүрдім де қойдым. Дипломсыз үйге қайтқаннан өлім жеңіл. Бір күні мені Университеттің ішіндегі сақшы мекемесі шақырды. Бардым. Мен көрмеген біреулер мені тергеді. Қытайдың Ұлттық Қауіпсіздік Мекемесінің адамдары екен. Маған бірден барлығын ашып айтты. Мені қызметке алмақ екен. Мен бас тарттым. Себебі, менің арманым Қазақстан болатын. Алматы мен Астананың көшесін сыпырсам да разы едім. Ең бастысы- ата-анам бұл кезде әлдеқашан Қазақстанға қоныс аударып үлгеріп еді. Олар мені екі апта айналдырды. Мен сөзімнен қайтпадым. Өз құқымды айтып заңды көлденең тартып тұрып алдым. БҰҰ конвенсияларында отбасы мүшелерінің бір елде өмір сүру құқы кепілдендірілген ғой. Соны айттым. Ақыры олар да жалықты. Ең соңында мені ақ xалат киген бір топ адам келіп әлгілердің мекемесінен алып кетті. Олар маған ашығын айтты. Егер мен олардың айтуы бойынша спермамды берсем, онда диплом да, паспорт та беріледі. Мен бірден келістім. Себебі, сперманы бірінші курстан бастап барлық курстастарымыз міндетті түрде беріп келгенбіз ғой. Ол өзі сондай заң болатын. Курстағылардың бәрі мен секілді миллионнан іріктелген сайдың тасындай жігіттер еді. Сөйтіп, олар мені ет, жұмыртқа, балықпен бақты. Күніне 3-5 уақ тамақ. Үш күнде бір рет сперма беру…

Үш айдан соң олар мені босатты. Паспортым да, қызыл дипломым да қолыма тиді. Сенесіз бе, Қазақстан визасы да жапсырылған…


Мен аң-таңмын. Ең ғажабы — олар маған сол күнгі Пекин-Алматы ұшағының билетін беріп тұр. Өңім емес, түсім секілді. Қазақстанға, ата-анама жете алмай қаламын ба деп әбден уайымдап ем. Олар әуежайға шығарып салды. "Сені бағып-қаққан, оқытқан ұлы Қытай елін тәркі еткеніңмен сенің он мыңға жуық ұрпағың, өз төлтума балаң осы ел үшін қызмет ететін болады. Қазірдің өзінде сенің жүз шақты балаң бар екенін біз саған сенімді түрде айтамыз" — деді.

Елге оралдым. Бірақ бір өкініш кеудемді мазалайды. Істегендерімнің шариғатқа қайшы екенін Қазақстанға келген соң білдім….

Орны толмас өкініш…

Соңғы жаңалықтар