Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Білім басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың айтуынша, әлеуметтік желіде тарап жүрген бейнежазба осыдан 3-4 жыл бұрын түсірілген. Сол кезде желі қолданушылары видеоны қызу талқыға салған. Ол тәрбиешілер балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға тырысқанын айтты.
"Мұндай қойылымдар мектепке дейінгі білім берудің типтік бағдарламасында қарастырылмаған. Оны қоюға да ұсыныс жасалмайды", — дейді Жолаев.
Видео алғаш рет тарағаннан кейін облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі кезде балалардың қатысуымен ондай көріністер ұйымдастырылмайды.