"Атам десең атыңдар!": әкімдік балабақшада түсірілген видеоға түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атам десең атыңдар!": әкімдік балабақшада түсірілген видеоға түсініктеме берді

"Атам десең атыңдар!": әкімдік балабақшада түсірілген видеоға түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде балабақшада Желтоқсан оқиғасының құрбандарының бірі Қайрат Рысқұлбековтың образын сомдаған баланың видеосы тарап жүр. Түркістан облысының білім басқармасы осы видеоға қатысты түсініктеме берді.

  • 20 Желтоқсан 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Білім басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың айтуынша, әлеуметтік желіде тарап жүрген бейнежазба осыдан 3-4 жыл бұрын түсірілген. Сол кезде желі қолданушылары видеоны қызу талқыға салған. Ол тәрбиешілер балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға тырысқанын айтты.

"Мұндай қойылымдар мектепке дейінгі білім берудің типтік бағдарламасында қарастырылмаған. Оны қоюға да ұсыныс жасалмайды", — дейді Жолаев.


Видео алғаш рет тарағаннан кейін облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі кезде балалардың қатысуымен ондай көріністер ұйымдастырылмайды.

Соңғы жаңалықтар