Жарияланды: 450

«Атамекен» 4 шілдені кәсіпкер күні деп жариялауды ұсынды

Қазақстанның «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы (ҰЭП) 4 шілдені кәсіпкер күні деп жариялауды ұсынады, делінген ҰЭП хабарламасында.

Құжатқа сәйкес, «Атамекен»төрағасыАзат Перуашев ҚР парламентінің сенатында жұма күні өткен «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық табысы» деген тақырыптағы конференцияда депутаттарға тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне жаңа кәсіби мереке белгілеу туралы бастама көтеруді ұсынды. «4 шілдені Кәсіпкер күні етіп белгілеу идеясының өз себебі бар. Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі бірінші жылы – 1992 жылдың 4 шілдесінде «Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы» заңға қол қойылды. Бұл жаңа мемлекеттің алғашқы заңдарының бірі және ол нарықтық экономиканы құруға негіз болды», - деп атап көрсетті «Атамекен» басшысы. «Жеке бизнес пен кәсіпкерлік тәуелсіздіктің құрдастары, оның тікелей нәтижесі және тұрақты даму факторы болып табылады», - деді А. Перуашев. 2008 жылы «Атамекен» үкіметке осындай мерекені белгілеу туралы бастамамен шыққан болатын. «Кез-келген мамандық үміттерді ақтап, қоғам деңгейінде міндеттерін орындауға тиіс. Кәсіпкерлердің қоғамның мүдделерін ұстанатыны айқын және анық болды. Жеке кәсіпкерлер нарықтық өзгерістер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды, олар экономиканың машина жасау, металлургия, тау-кен өндіру, мұнай-газ секторларының дамуына елеулі үлес қосып отыр», – делінген ақпаратта. «Атамекен» ҰЭО «кәсіпкерлердің мерекесін кәсіби және басқа да мерекелердің тізімдеріне енгізу орынды және негізді» деп есептейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін