"Атамекен" Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Бөкеновке қатысты жұмыс бабындағы тексеру жүргізуді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атамекен" Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Бөкеновке қатысты жұмыс  бабындағы тексеру жүргізуді талап етуде

"Атамекен" Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Бөкеновке қатысты жұмыс бабындағы тексеру жүргізуді талап етуде

Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағы президент, үкімет және ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігіне Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Бөкеновтың іс-қызметіне қатысты жұмыс бабындағы тексеру жүргізуді өтініп мәлімдеме жолдады. Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің төрағасы Василий Резван мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2005
  • 470
Фото - Caravan.kz

Мұндай мәлімдеме қабылдауға Алматы базарларында сауда жасаушылардың құқығының қорғалу жайына жүргізілген мониторинг қорытындысы түрткі болған. В.Резванның айтуынша, мониторинг нәтижесінде көптеген заң бұзушылқ оқиғалары әшкереленді. Атап айтсақ, мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларын жеке меншік коммерциялық құрылымдарға беру, бір жолғы талондарды бақылаусыз саудалау, базарлардан бюджетке түсетін алымдар мен салықтарды толық жинамау көріністері әшкереленді.

В.Резванның айтуынша, тек қана бір жолғы талондарды сатудан қала бюджетіне жылына 25 млрд. теңге құйылуға тиіс. «Ал шын мәнінде жылына 980 млн. теңге түсіп отыр»,- деді В.Резван.
Әкімшіліктің қаулысы бойынша 2001-жылдан бері Алматыдағы базарларда бір жолғы талондарды тарату жұмыстарын ұйымдастыру міндеті Қ.Бөкеновке жүктелген.
«Атамекен» одағы жұмыс бабындағы тексеру кезінде Қ.Бөкеновты қала әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босата тұруды және тексеру қортытындысы бойынша оны жұмыстан шеттетуді талап етуде.

Перейти к новостям спорта