Ұлттық экономикалық палатасының хабарлауынша, бизнес-форумға Қазақстанның 100-ден астам, Австрияның 70-тен астам компаниясының өкілдері қатысты.
"Атамекен" одағы" Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының айтуынша, "Қазақстан мен Австрия арасындағы тауар айналымының статистикасы өсімді паш етуде. Егер 2007 жылы тауар айналымының көлемі $231 млн асса, жылдың екінші жартысында ол $146 млн асты".
"Қазақстанда бүгінде Австрия капиталының қатысуымен құрылған 50 компания жұмыс істеуде. Бұл компаниялар негізінен мұнайгаз өндіру мен өңдеу мен металлургия саласында шоғырланған", -деді А. Перуашев.