Атамекен одағы жастардың кәсіпкерлік форумын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамекен одағы жастардың кәсіпкерлік форумын өткізеді

Атамекен одағы жастардың кәсіпкерлік форумын өткізеді

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП 13-14 қараша күндері Алматыда екінші жастар кәсіпкерлік форумын өткізеді. Бұл ақпаратты аталған одақтың баспасөз қызметі таратып отыр.

  • 9 Қараша 2012
  • 367
Фото - Caravan.kz

Шара Қазақстандағы кәсіпкерлік бойынша Ғаламдық жұма аясында өтпек. Кәсіпкерлік бойынша Ғаламдық жұма — бұл кәсіпкерлік белсенділікті жоғарлату мақсатымен өткізілетін бастама. Оған әлемдегі 100-ден астам елдің 41 мың серіктесінен 7 миллион адам қатысады. Қазақстанды осы қозғалысқа қатыстыру қазақстандық кәсіпкерлердің жетістіктерін, олардың мақсаттары мен жоспарларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Форум жастар бизнесінің дамуына көңіл аударуды, жастар арасындағы кәсіпкерлік әлеуетін ашуды үндейді. Шара бағдарламасында келесі секцияларда талқылау өтеді: «ATAMEKEN Startup мәдениеті», «Жеке тиімділікті жоғарлату», «Бизнес және билік», «Қаржы», «Ашық алаң», «Бизнес-ландшафты өзгерту», «Толық нұсқама», «Өнер мен сауық саласындағы бизнес».

Форум жұмысында ҚР Экономикалық даму мен сауда министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті, Алматы қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП, сонымен бірге Қазақстандағы АҚШ елшілігінің, ірі бизнес және кәсіпкерлер ұйымдарының өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар