«Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы кәсіпкерлік саласындағы бірқатар заңнамаларды әзірлеуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы кәсіпкерлік саласындағы бірқатар заңнамаларды әзірлеуді ұсынады

«Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы кәсіпкерлік саласындағы бірқатар заңнамаларды әзірлеуді ұсынады

«Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы кәсіпкерлік саласындағы бірқатар заңнамаларды әзірлеуді ұсынады.

  • 14 Маусым 2011
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ұлттық экономикалық палата басшысы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында мәлім болды. ҚР-дағы қолданыстағы заңнамаларға сараптама жасау жөніндегі жұмыс тобының күн тәртібіндегі негізгі мәселе — кәсіпкерлік саланың жүргізілуіндегі лицензиялар қатарын қысқарту.

Қазіргі уақытта «Құжаттарды лицензиялау мен рұқсат ету туралы» ҚР заңында лицензиялаудың 26 саласы, 108 түрі, 215 ішкі түрі қамтылып отыр. Жалпы, Қазақстан Республикасының 6 Кодексі және 41 заңында барлығы 1015 рұқсат құжаттардың түрлері қарастырылған. Алайда, бұл заңнамада кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін көптеген әкімшілік кедергілер орын алған. Жиынға қатысушы палата өкілдерінің ойынша, осы заң жобасындағы лицензиялаудың кейбір салалары мен түрлерін алып тастау қажет. Бұл өзгертулер елдің экономикасына оң ықпал береді. Нидерланды мен Индия елдеріндегі лицензиялау саласындағы реформалар экономикалық көрсеткіштерге өз пайдасын тигізді. 2005 жылы Индия елінде болған лицензиялардың қысқартылуы нәтижесінде жалпы ішкі өнім 3,5 пайыздан 7%-ға артты.

«Құжаттарды лицензиялау мен рұқсат ету туралы» заңнаманың халықаралық талапқа сай жаңа жобасын құрып, лицензиялаудың тәртібін реттеу керек. Осы құжаттың қабылдануы кәсіпкерлік саладағы заңнаманы ырықтандыру жолындағы маңызды қадам болуы мүмкін», — деп мәлімдеді А. Перуашев.

Соңғы жаңалықтар