«Атамекен» ҚР ҰКП үздік журналистерді марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атамекен» ҚР ҰКП үздік журналистерді марапаттады

«Атамекен» ҚР ҰКП үздік журналистерді марапаттады

«Атамекен» ҚР ҰКП байқау жүлдегерлеріне арнап марапаттау рәсімін өткізді.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

Аталған айтулы шараға «Атамекен» Төралқасы хатшылығының төрайымы Лаззат Рамазанова, «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, қоғам қайраткері Рахым Ошақбаев, байқау комиссиясы мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Вnews.kz.

Айта кетелік, «Атамекен» ҚР ҰКП «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы, қазақстандық кәсіпкерліктің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығында жетістіктері жайында БАҚ өкілдері арасында үдік журналистік жұмысқа  байқау жариялаған болатын.  Бұл байқау дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, биыл жалпы 143 өтінім түскен.  Комиссия мүшелері мен ұйымдастыру комитетінің айтуынша биыл журналистік материалдар сапасы анағұрлым артқан, жекелей сараптамалық салмақ пен зерттеулер көп. Ең үздік жұмыстар ең жоғары баға алды.

Жүлдегерлерге арнап, шара барасында «Заманауи бұқаралық ақпараттық құралдардағы экономикалық тақырыптардың ерекшелігі» атты дайын кейстер үлгісіндегі семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар тренері «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, қоғам қайраткері Рахым Ошақбаев болды. Ұтымды бизнес кейстер, әлеуметтік желіге пост жазу сынды пайдалы ақпарат берілді.

Байқаудың мақсаты ­– Бағдарламаның, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің артықшылықтары, кәсіпкерлікті дамыту туралы объективті материал жариялағаны үшін БАҚ өкілдерін анықтағау және марапаттау.

Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.

Байқау жұмыстарын бағалағанда Байқау комиссиясы келесідей критерийлерді басшылыққа алады:

— әділдік;

— материалды берудің кәсіби деңгейі;

— жаңалық, айрықшылық; 

— стиль, баяндау тілі;

— авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

— ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы;

— журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімін «Атамекен» Төралқасы хатшылығының төрайымы Лаззат Рамазанова ашып, байқаудың әр қатысушысына алғысын білдірді.

«Кәсіпкерлікті наисхаттау, әсіресе кәсібін дөңгелетіп жүрген қыз келіншіктерді, шағын кәсіпкерлігі бар адамдар жайында ақпаратты халыққа жеткізіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Сіздерге алғыс білдіремін», – деді Лаззат Рамазанова.

Байқау ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қанат Сахариянов мұндай шаралардың өңірлерде шағын және орта бизнесті көтерудегі маңызын атап өтті.


«Жылдан жылға өтінімдер саны артып, материалдардың сапасы өсіп келеді. Байқау комиссиясы журналистік материалдарды барынша ашық бағалады, ең үздіктер қатаң сүзгіден өтті», – деді Қанат Сахариянов.

Байқау жайында өз пікірлерімен жүлдегерлер де бөлісті. Жеңіске жеткен журналситер мынадай аталымдар бойынша марапатталды:

Баспасөз БАҚ-та жарық көрген үздік сараптамалық материал:

І орын – «Тараз таймс» қоғамдық газетінің тілшісі Қуаныш Иембердиев;

ІІ орын – «Проспект СК» Петропавл қоғамдық газетінің тілшісі Евгения Шоль;

ІІІ орын – «Жетісу» Алматы облыстық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газетінің тілшісі Қажет Андас;

IV орын – «Шымкент келбеті» қоағымдық газетінің тілшісі Сапарғали Қанат.

Телевизиядағы үздік репортаж: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет, деректі фильм:

І орын – «Первый северный» Петропавл телеарнасы журналисі Салима Сағындықова;

ІІ орын – «Астана»  телеарнасы журналисі Әйгерим Жантурина;

ІІІ орын – «Қазақстан Қарағанды» телеарнасы тілшісі Эльмира Исаханова;

IV орын – «ABCTV» телеарнасы тілшісі Әнуар Карбозов. 

Интернет-БАҚ- та жарық көрген үздік сараптамалық материал:

І орын – «Казах зерно» порталы Қостанай Тимур Түркістанов;

ІІ орын – «7kun.kz» ақпараттық порталының тілшісі  Мейірхан Амангелдиев;

ІІІ орын – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі Арман Асқар;

IV орын – «ABCTV» порталының тілшісі Олег Гусев. 

Үздік радио-сюжет:

І орын – «Қазақ радиосы» Алматы филиалының тілшісі Гүлбағыш Бостанова;

ІІ орын – «Қазақ радиосы» тілшісі Аида Баймақова;

ІІІ орын – «Халық радиосы» Павлодар тілшісі Гүлсім Қобжанова;

IV орын – «Қазақ радиосы» тілшісі Базарбай Ерісұлы. 

Соңғы жаңалықтар