«Атамекеннің» негізінде құрылған партия «Самұрық-Қазынаның» саяси егізі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атамекеннің» негізінде құрылған партия «Самұрық-Қазынаның» саяси егізі болады

«Атамекеннің» негізінде құрылған партия «Самұрық-Қазынаның» саяси егізі болады

«Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының (ҚҰЭП) негізінде саяси партия құру оны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның саяси егізіне айналдыруы мүмкін. «Азат» ЖСДП төрағасының орынбасары Петр Своик жұма күні «Саяси партиялар және парламент» деген тақырыптағы дөңгелек үстел отырысында.

  • 1 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Билікті өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің танымал одағын («Атамекен» — азТАГ) партияға айналдырудан бірден сақтандыру керек. Бұл біржақты және аяқталмаған шешім болады. Дубль-партияны құру негізі ретінде үкіметтік дубль Самұрық-Қазынаны алу керек деген ойлар бар», — деді П. Своик.

Бұл жағдайда қатарлы-симметриялық жүйе шығады, деп есептейді саясаткер.

«Мемлекет басшысы шенеуніктер партиясы бойынша орынбасарын бұрынғыдай өзі тағайындайды, бизнесмендер партиясын да өзіне бөтен емес адам басқарады, экспорттық-шикізат және банк бизнесіне бірден өкілеттік етуге одан басқа лайықты адам жоқ шығар. Қазіргі басты саяси интрига – жоғарғы билікті мұра етіп алу да техникалық мәселеге айналады», — деп есептейді П. Своик.

Бұрын хабарланғандай, мемлекет басшысының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Атамекен» одағының базасында «Нұр Отан» ХДП-сына балама жаңа саяси партия құруды ұсынған болатын. Алайда одақ лидері Азат Перуашев оның партия қылып қайта құрылу мүмкіндігін жоққа шығарған болатын.

«Бұл мәселе (одақтың негізінде саяси партия құру – ҚазТАГ )«Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының мәні неде екенін түсінбеуден туындады, бұл мүмкін емес, өйткені ондай шешім қабылданғанның өзінде алдымен қазіргі «Атамекенді» таратып, әр азаматтан өтініш қабылдау қажет, оның қажеті қанша? Мен ондай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын. Бизнессаясаттың жағында болуға тиіс», — деді А. Перуашев 2011 жылдың сәуірінде журналистерге.

ҚазТАГ-қа Астанадағы ақпаратқа қанық дереккөзден белгілі болғанындай, «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының (ҚҰЭП) басшысы Азат Перуашев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан (ХДП) шығу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар