"Атаңның басы": Димаш алған атақты алмаған Майра Мұхамедқызы еңбегі бағаланбағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атаңның басы": Димаш алған атақты алмаған Майра Мұхамедқызы еңбегі бағаланбағанын айтты

"Атаңның басы": Димаш алған атақты алмаған Майра Мұхамедқызы еңбегі бағаланбағанын айтты

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы қазақ өнеріне жарты ғасыр қызмет етіп келе жатса да " ҚР Халық әртісі" атағын ала алмай жүргеніне күйінді.

  • 30 Мамыр
  • 18078
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі Instagram желісіндегі жазбасында оның өнерін қазақтарға қарағанда қырғыздар жоғары бағалап жатқанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп менің шәкірттерім халықаралық жүлделер алып жеңіспен оралғанда еңбегімде ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақы 17,000 тенгемен бағаланыпты. Күлкім келеді ойласам. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың де! Ал Қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваторияның профессор атағын баяғыда беріп қойған маған. Ал біздегі атақ жәйлі ойлаудың өзі жаныңа батады. Халық әртіс атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояын. Еңбегімді Қазаққа дәлелдей алмай бағатала алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады « У Вас все впереди» дейтіндерге айтарым: Атаңның басы!
Осындай халықаралық іс шараларда мені “ҚР халық әртісі” деп жариялағанда бетімнен от шығып көңіл күйім біреулер айтқандай: Сертификаты жоқ халық артисісің дегенде ведушийге жүгіріп барып өтініш жәй Сопрано-Майра Мухамедқызы Қазақстан деп айтыңызшы”деймін. Е, Бір кем дүние, Де!
Бәрін айтта бірін айт, Лариса Гергиевамен 30 жылдан соң кездескен бұл кеш талай өткенді еске салды. 1995-жылы, Халықаралық Римский-Корсаков конкурсына қатысқан кезімде Лариса апам мені Маринский театрға қалсаңызшы, Валерий Гергиев жаңа директор болды талантты жас әншілерді қолдайды деген ұсынысына орысша білмегенім үшін жүрексініп рақметімді айтып елге оралған болатынмын. Кеше апам соны айтып ал енді не болды сен сол кезде мені тыңдағаныңда осы күні қай жерде жүрер едің? демеспе, жастық шақта істеген қатемді енді түсіндім, «Это судьба, Маэстро» дегеннен басқа сөз таппадым. Ия, Тағдыр өз қолыңда! Қасыңда жүрген дұрыс жол сілтеп ақыл айтатын адам ұстазың болсын дегім келеді жастарға!, — дейді ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Димаш алған «Халық әртісі» атағының Майра Мұхаммедқызына берілмеуін үлкен әділетсіздікке балап жатыр.

«Сонда Димашқа бұл атақты бергенде, сізде жоқ болған ба», «Ұят-ай, Димаштан бұрын сізге беру керек еді», «Бұл атақ сізде бұрыннан бар шығар деп жүрсем», «Сізді бағаламағандары Қазақстанға сын», «Димашта бар атақ сізде жоғы өте өкінішті. Сіз де әлемдік деңгейдегі әншісіз ғой, — деп жазды олар.