Бүгін ол грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР кубогына арналған баспасөз мәслихатында көпшілікке таныстырылды.
«Қазақстандық федерацияға осындай жауапкершілігі мол жұмысқа шақырғанына рахмет. Әрине мен көптеген елдерде көптеген командалармен жұмыс істедім, алайда осы жолы ұлттық құраманы Олимпиадаға, Азия чемпионаттарына дайындау сеніп тапсырылып отыр. Сондықтан бұл шаруаға асқан жауапкершілікпен келу керек деп ойлаймын», — деді С.Белоглазов.
Оның айтуынша, өзіне кеп түскен көптеген ұсыныстардың ішінен Қазақстанды таңдаған көрінеді. Өйткені қазақстандық команданың әлеуеті жоғары.
«Команда бар. Мен спортшылармен де, жаттықтырушылармен де таныстым. Команданың әлеуеті жақсы. Менің тапсырмам бір жағынан қиын, екінші жағынан оңай деп айтуға болады. Өйткені маған өз тәжірибемді, техникамды, тіпті кейбір тактикалық нюанстарымды осы спортшыларға беру қажет. Сондықтан мен қолымнан келгеннің барлығын жасап, бұл іске барынша кәсібилік тұрғыдан келуге тырысамын», — деді ол.
Айта кетейік, балуанмен арадағы келісім 2 жылға, яғни кезекті жазғы Олимпиада ойындарына дейін жасалған.
«Уақыт тым аз. Өйткені келесі жылы ойындарға іріктеу басталады. Екі жыл деген көзді ашып-жұмғанша өте шығады, сондықтан маған жұмысқа тез арада бел шешіп кірісіп кету керек», — дейді С.Белоглазов.
Еске сала кетейік, Сергей Белоглазов екі дүркін Олимпиада чемпионы (1980, 1988, алты мәрте әлем чемпионы және Еуропа мен КСРО-ның көп мәрте жеңімпазы. Сондай-ақ оның жаттықтырушы ретіндегі тәжірибесі де мол.