Виктор Корчной әлемнің ең титулды шахматшыларының бірі болған. Ол 10-ге жуық турнирдің жеңімпазы, 4 дүркін КСРО чемпионы, шахмат Олимпиадасында 6 рет жеңіске жетіп, әлем құрамасының қатарына енген.
1976 жылы Амстердамдағы турнирден кейін, спортшы Кеңес одағына қайтудан бас тартып, Швейцарияға тұрақтайды. Ал, елінде «сатқын» атанып, азаматтық пен спорттық дәрежелерінен айырылады. Тек, 1990 жылы ғана ақталды.