Атақты теннисші Новак Джокович Астанаға ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты теннисші Новак Джокович Астанаға ұшып келді

Атақты теннисші Новак Джокович Астанаға ұшып келді

Атақты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович Астанаға ұшып келді.

  • 3 Қазан 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сербиялық теннисші бүгін басталған Astana Open ATP 500 жарысына қатысады.

Н.Джокович елордаға жақсы көңіл-күймен жетті. Айта кетсек, ол жексенбі күні мәреге жеткен Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.

Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Астана жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген. Новак ертең бастапқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.

Бүгін Астана додасына арнайы шақырту алған, рейтингіде 327-орындағы қазақстандық Бейбіт Жукаев алғашқы айналымда әлемнің 34-ракеткасы, Нидерланд өкілі Ботик Ван де Зандшульпқа есе жіберді — 1:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open турнирінің іріктеу 
сайыстары аяқталғанын,
 Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге жуықтады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера