Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысын қаржыландыру жөніндегі ақырғы келіссөздер жуырда өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысын қаржыландыру жөніндегі ақырғы келіссөздер жуырда өткізіледі

Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысын қаржыландыру жөніндегі ақырғы келіссөздер жуырда өткізіледі

Бүгін, 20-сәуірде ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен үкіметтік кеңесте жалпы ұзындығы 988 шақырымды құрайтын Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту жобасы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 570
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының кеңесте атап көрсеткеніндей, жобаның негізгі көрсеткіштері бұған дейін де талқыланғандықтан, бұл жолы Қытаймен бірлескен кәсіпорын құру шаралары айқындалып, жобаның арқау үлгісі тәптіштеледі.

Мамандардың есебі бойынша, ҚХР-ның батыс аудандарында мұнайға деген сұраныс таяу жылдарда ұсыныстан асып түседі әрі бұл ағым жыл өткен сайын арта түспек. Жаңа мұнай құбырын іске қосу нәтижесінде Қытай жағы тек Орталық Қазақстаннан ғана емес, сонымен бірге Каспий аймағынан да мұнай алу мүмкіндігіне ие болмақ. Қазіргі жағдаймен мұнай құбырын қаржыландырудың бірнеше жолы айқын. Осы бағыттағы ақырғы келіссөздер алдағы аптада жүргізіледі.
Сонымен бірге, Қазақстан мұнайын экспортқа шығару жолдарын тез арада диверсификациялау, Қазақстан, Қытай және Ресейдің мұнай құбыры жүйесін интеграциялау қажеттіктерін ескере отырып үкімет басшысы министрліктер мен «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-на жобаны келесі жылдан бастап жүзеге асыра бастау үшін 10 күн ішінде қажетті құжаттарды дайындап, тиісті процедураларды жүзеге асыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар