Үкімет басшысы бұл магистралдың құрылысы өте күрделі және маңызды жоба болып табылатынын, сондықтан оны қысқа мерзімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Даниал Ахметовтың айтуынша, 988 шықырымдық құбыр құрылысы екі насос станциясынан, 34 әр түрлі өткелдерден және өзге де инженерлік құралғылардан тұрады, резервуарлық парк пен жол бойындағы құрылғыларды қоса есептегенде, бұл құрылыс 2005 жылдың соңында аяқталуы тиіс.
Кеңесте мұнай құбыры құрылысының техникалық құжаттары 2004-жылдың күзіне дейін жасалып бітуі тиістігі айтылды.
Осыған байланысты үкімет басшысы тиісті министрліктер мен мекемелерге қажетті жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және аталған жобаны іске асыру жөніндегі нормативтік актілерді дайындау туралы нақты тапсырмалар берді.
Құрылыс жұмыстарына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен CNPC Қытай мемлекеттік мұнай компаниясы бірлесе құрған жобалық кәсіпорын басшылық жасайды.
«Бұл біздің ұлттық компания үшін ауқымды әрі маңызды жұмыстарды жүргізу қабілетін тексеруге жасалған үлкен сынақ болмақ,- деді Даниал Ахметов.