Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың соңында аяқталуы тиіс - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың соңында аяқталуы тиіс - ҚР президенті

Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың соңында аяқталуы тиіс - ҚР президенті

Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың соңында аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда Пекинде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі.

  • 18 Мамыр 2004
  • 419
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тартуға алдағы екі айда кірісе бастайды. Мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1 мың шақырымды, жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. долларды құрайды. Бастапқы кезеңде мұнай құбыры жылына 10 млн. тонна мұнай тасымалдау қуатына ие болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту туралы келісімге Қытай және Қазақстан мемлекет басшылары кеше, 17-мамырда қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар