Атасу-Алашанькоу-Душаньцзы мұнай құбырының құрылысын 2004-жылы қолға алу көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атасу-Алашанькоу-Душаньцзы мұнай құбырының құрылысын 2004-жылы қолға алу көзделіп отыр

Атасу-Алашанькоу-Душаньцзы мұнай құбырының құрылысын 2004-жылы қолға алу көзделіп отыр

Кеше, 2-наурызда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте Атасу-Алашанькоу-Душаньцзы мұнай құбыры құрылысының жобасы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Наурыз 2004
  • 575
Фото - Caravan.kz

Мамандардың есептеуі бойынша, ҚХР батыс аудандарында мұнайды тұтынуға деген сұраныс таяу жылдары ұлғая түспек, бұл үрдіс одан әрі артады. Жаңа магистраль құрылысы табысты жүргізілген жағдайда қытайлықтар келешекте мұнайды Қазақстаннан алуды көздеп отыр, соның ішінде Каспий аймағына айрықша маңыз берілуде. Екінші кезең пайдалануға берілгеннен кейін мұнай жеткізу көлемі жылына 20 миллион тоннаға жоспарланған. Бірақ бұл аздық етеді.

Бүгінде жалпы ұзындығы 1320 шақырымды құрайтын мұнай құбыры құрылысын қаржыландырудың бірнеше нұсқасы бар.
Қазақстан мұнайын экспортқа шығару бағыттарын тез арада диверсификациялау қажеттілігін және Қазақстанның, Ресей мен Қытайдың мұнай құбырлары жүйесінің интеграциялық мүмкіндігін ескере отырып, премьер-министр министрліктер мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы алдына биылғы жылы мұнай құбыры құрылысын іске асыруға кірісу үшін, қысқа мерзімде құжаттар әзірлеп, қажетті процедураларды жүзеге асыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар