Атаулы әлеуметтік көмекке биыл 62 млрд теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атаулы әлеуметтік көмекке биыл 62 млрд теңге жұмсалады

Атаулы әлеуметтік көмекке биыл 62 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда 138 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

  • 10 Ақпан
  • 1
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 25,8 мың отбасындағы 138,1 мың адамға 2,3 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі.

Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

АӘК мыналарды көздейді:

табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 42,4 мың балаға 270,4 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.