Атаусыз: Бұрынғы McDonalds ресторандары Алматыда қайта ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атаусыз: Бұрынғы McDonalds ресторандары Алматыда қайта ашылды

Атаусыз: Бұрынғы McDonalds ресторандары Алматыда қайта ашылды

Алматыда бұрын McDonald’s франшизаларына тиесілі мейрамханалар атаусыз қайта ашылды.

  • 23 Қаңтар 2023
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстандағы бұрынғы McDonald’s желісінің сайтында «Сізге ұнайтынның бәрі жақында қайта келеді» деген хабарландыру пайда болған. Маңдайшалар да «Біз ашықпыз» деген жазумен жаңартылды.

23 қаңтарда тура таңғы сағат 10:00-де Алматыда бұрын McDonald’s франшизасына тиесілі мейрамханалар есігін айқара ашты.

Атаусыз: Бұрынғы McDonalds ресторандары Алматыда қайта ашылды

Tengrinews тілшісі сол жерде болып, мейрамхананың мәзірі елден кеткен McDonald’s-пен бірдей екенін айтты. Тағам бағасы мен олардың дәмі де айтарлықтай өзгерген жоқ. Басты жаңалық – әлемдік брендтің сәйкестендіру белгілері жойылған.

Соңғы жаңалықтар