Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, осы істі жасауға «Атбасар диірмені» ЖШС қызметкерлері мен Атбасар станциясының жұмысшылары көмектескен.
«Бидайды түн қараңғысында алып әкетпекші болып, 1 вагонға тиеген кезде күзет қызметі мен полиция оларды қамауға алды», — деп көрсетілген сюжетте.
«Қазіргі уақытта оған қатысы бар тұлғалар нақтылануда. Сондай-ақ, олар астықты кімге және қалай алып бергелі отырғаны анықталады. Олар Астанадағы уақытша тергеу изоляторына қамалып, сотты күтіп отыр», — деп хабарлады телеарна.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті