Атбасарда өзен жағасынан қыздың бөлшектелген денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда өзен жағасынан қыздың бөлшектелген денесі табылды

Атбасарда өзен жағасынан қыздың бөлшектелген денесі табылды

 Атбасарда өзен жағасынан қыздың бөлшектелген денесі табылды. Ақмолалық полицейлер күдіктіні ұстады.

  • 22 Маусым 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиға туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Ресми емес ақпарат бойынша, ер адам қылмысты жасыру үшін өзімен бірге тұрған әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп Жабай өзеніне лақтырған. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"21 маусымда Атбасар ауданында Жабай өзенінің бөгетінен адам денесінің бөліктері табылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі − кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", — деп хабарлады ведомство.

Тәулік ішінде қыздың жеке басы анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесінде сай жария етуге жатпайды", — деді полиция.

Соңғы жаңалықтар