Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен үйлердің басым бөлігі қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен үйлердің басым бөлігі қалпына келтірілді

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен үйлердің басым бөлігі қалпына келтірілді

Атбасар қаласында су тасқынынан зақымданған үйлердің 90 пайыздан астамы қалпына келтірілді.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атбасардағы төтенше жағдай салдарын жою барысында 352 үйдің 327-сі толық қалпына келтірілді. 25 үй немесе жалпы қалпына келтірілетін үйлердің 7 пайызын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тасқыннан зақымданған үйлерді қалпына келтіруге мемлекеттік бюджеттен 129,4 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 113,6 миллион теңгесі бүгінде толық игерілді.