АТФ банкі Қазақстан қор биржасына 13 млрд. теңгенің облигацияларын шығармақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АТФ банкі Қазақстан қор биржасына 13 млрд. теңгенің облигацияларын шығармақшы

АТФ банкі Қазақстан қор биржасына 13 млрд. теңгенің облигацияларын шығармақшы

"АТФ банк" АҚ Қазақстан қор биржасына 13 млрд. теңгенің облигацияларын шығармақшы. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "АТФ банк" АҚ басқармаларының төрағасы Тимур Исатаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 769
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде теңгемен шығарылатын облигацияларды тіркеу процессі жүргізілуде»,- деді Т.Исатаев. Бұл — 7-10 жылдық облигациялар болмақ. «Қазіргі жағдаймен Қазақстандағы ішкі рынок батыс рыноктарымен салыстырғанда артықша тиімді шарттарды ұсынуда»,- деді банк басшысы.

2004-жыл қорытындысына тоқталған Т.Исатаев: «банк жеке капитал мөлшерін екі есе арттырып, кіріс мөлшерін біршама өсірді»,- деп мәлімдеді. Қазіргі жағдаймен АТФ банкі Қазақстан рыногында 7 процент шамасында үлес иемденіп отыр. «Алдағы 2-3 жылда біз нарықтағы үлесті 10 процентке жеткізуді міндет етіп қоятын боламыз»,- деді Т.Исатаев.
2005-жылғы 1-қаңтардағы қаржылық есеп мәліметтері бойынша АТФ банкінің активтері 173,7 млрд. теңгені құрап, 2004-жылғы өсім 82 процент болды. 2004-жылы таза пайда 2,3 млрд. теңгені (2003-жылы 1,5 млрд. теңге), жеке капиталы 18,2 млрд. теңгені (2003-жылғы 1-қаңтарда 8,3 млрд. теңге) болды.

Перейти к новостям спорта