АТФБанк «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарыз беретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АТФБанк «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарыз беретін болды

АТФБанк «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарыз беретін болды

АТФБанк «Қазақтеңізкөлікфлоты» (ҚТКФ) компаниясына Aframaxтипіндегі 2 танкерді сатып алуға $110,6 млн қарыз беретін болды, деп ҚТКФ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

«2011 жылғы 3 шілдеде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ директор кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Сол кеңес барысында ҚТКФ пен «АТФБанк» АҚ арасында ірі мәміле жасау, атап айтқанда «Aframax» түріндегі Қара, Жерорта және Балтық теңіздерінде дейтвейті 80 мың тонна болатын 2 мұнай тасымалдау танкерін сатып алу бойынша $110 600 мыңнан астам сомаға инвестициялық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды», — делінген ҚТКФ сайтындағы хабарда.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы №1239 қаулысымен құрылды.

Қоғамның акционері акциялар пакетінің 100% тиесілі “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ болып табылады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ қызметінің басты міндеті Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз сауда флотын құру және отандық жүктердің халықаралық теңіз тасымалын өз күшімен ұйымдастыру болып табылады.

ҚТКФ қызметі халықаралық конвенциялармен және ұлттық нормативтік актілермен реттеледі. 2002 жылғы қаңтарда қабылданған «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық пен халықаралық негіздерін айқындайды және жүктерді, жолаушылар мен қолжүгін тасымалдауға, теңіз көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейді.

Соңғы жаңалықтар