АТФБанкі Қырғызстан Энергобанкі акцияларының бақылау қоржынын 2004-жылдың екінші жартысында сатып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АТФБанкі Қырғызстан Энергобанкі акцияларының бақылау қоржынын 2004-жылдың екінші жартысында сатып алмақшы

АТФБанкі Қырғызстан Энергобанкі акцияларының бақылау қоржынын 2004-жылдың екінші жартысында сатып алмақшы

АТФБанкі Қырғызстан Энергобанкі акцияларының бақылау қоржынын 2004-жылдың екінші жартысында сатып алмақшы. Бұл туралы бүгін, 14-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "АТФБанк" АҚ басқармаларының төрағасы Тимур Исатаев хабарлады.

  • 14 Шiлде 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

Т.Исатаевтың айтуынша, акциялар пакетінің акционерлік қоғамның директорлары кеңесінің шешіміне вето қоюға мүмкіндік беретін төрттен бір бөлігін сатып алуға бағытталған бірінші кезең аяқталды. 2004-жылдың 10-маусымында «АТФБанкі» ААҚ «Энергобанк» ААҚ-ның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы көлемінің 34,4 процентін 1 млн. долларға сатып алды.

«Энергобанк» ААҚ-ның акциялары пакетін сатып алу шарасы биылғы жылдың сәуір айында жүзеге асырылған. Ол үшін екі елдің банктердің іс-қызметін қадағалаушы мекемелерінен қажетті рұқсат құжаттары түгелдей алынды. Т.Исатаевтың айтуынша, 2004-жылдың 11-мамырында қол қойылған келісім-тапсырмаға сәйкес және Қырғызстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары бойынша сауда-саттық шарасы қор биржасында өткізіліп, ол биылғы жылдың 15-маусымында»Энергобанк» ААҚ акцияларын иемденушілердің реестрінде тіркелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Энергобанк» ААҚ-ның бас кеңсесі Бішкекте орналасқан, ел көлемінде 6 салалық бөлімшесі бар. Энергобанк акционерлерінің арасында энергетикалық кәсіпорындар мен Қырғызстанның алтын өнеркәсібі компаниялары бар. «Энергобанк» ААҚ 2003-жылды 400 мың доллар мөлшерінде таза пайдамен аяқтады. Негізгі көрсеткіштері бойынша бұл банк Қырғызстандағы жетекші бестікке кіреді.

Перейти к новостям спорта