Атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағына жауын-шашын мен жел әкеледі - 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағына жауын-шашын мен жел әкеледі - 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағына жауын-шашын мен жел әкеледі - 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

8 қараша күні ҚР-ның батыс және шығыс бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуімен жауын-шашын, екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметінен Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қараша 2012
  • 2108
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның қалған бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарының көптеген суларында мұз қатады, осыған байланысты жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Республиканың қалған аумағындағы өзендерде су бетінің салқындауы байқалады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 7-8 қараша күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді деп хабарланған болатын. Түнде 13-18 градусқа дейін, кейбір жерлерде 25 градусқа дейін салқындауы күтіледі. Күндіз сынап бағанасы 5-10 градус, кейбір жерлерде 15 градус суықты көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар