Жарияланды: 430

АТО Рамазанға қарамастан Ливияды бомбылауды жалғастыра бермек

Соғысты тезірек аяқтау үшін НАТО мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына қарамастан Ливияны бомбылауды жалғастыра бермек.

Росбалт агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы кеше НАТО-ның «Бірлескен қорған» операциясының әскери қолбасшылығының өкілі Майк Брэкен мәлім етті. «Біз сәл күтуіміз және Каддафи күштерінің Ливия халқына әлі де зардап әкелетінін көруіміз керек. Егер олар ливиялықтардың өміріне қауіп төндіруді жалғастыра беретін болса, НАТО соларды қорғау үшін өз мандатын жалғастырмақ», деген Брэкен, Каддафи Рамазанға қарамастан өз халқына қыруды жалғастыра беретіні анық", деді ол. НАТО-ның ресми өкілі Оана Лунгеску ханым да Ливиядағы зорлық-зомбылық үшін барлық жауапкершілік Каддафи күштерінің мойнында екенін мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айы биыл 1 тамызда басталады және 30 күнге созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін