АТО Рамазанға қарамастан Ливияды бомбылауды жалғастыра бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АТО Рамазанға қарамастан Ливияды бомбылауды жалғастыра бермек

АТО Рамазанға қарамастан Ливияды бомбылауды жалғастыра бермек

Соғысты тезірек аяқтау үшін НАТО мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына қарамастан Ливияны бомбылауды жалғастыра бермек.

  • 13 Шiлде 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

Росбалт агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы кеше НАТО-ның «Бірлескен қорған» операциясының әскери қолбасшылығының өкілі Майк Брэкен мәлім етті.

«Біз сәл күтуіміз және Каддафи күштерінің Ливия халқына әлі де зардап әкелетінін көруіміз керек. Егер олар ливиялықтардың өміріне қауіп төндіруді жалғастыра беретін болса, НАТО соларды қорғау үшін өз мандатын жалғастырмақ», деген Брэкен, Каддафи Рамазанға қарамастан өз халқына қыруды жалғастыра беретіні анық», деді ол.

НАТО-ның ресми өкілі Оана Лунгеску ханым да Ливиядағы зорлық-зомбылық үшін барлық жауапкершілік Каддафи күштерінің мойнында екенін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айы биыл 1 тамызда басталады және 30 күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар