Брифинг барысында «атом электр стансасы Курчатовта салына ма?» деген сауал қойылды.
«Атом электр стансасының құрылысы мәселесіне тоқталатын болсақ, 30 қыркүйекте Атырауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумында соңғы шешім қабылданады деп ойлаймын»,-деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселе бойынша соңғы кездесу ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Курчатов қаласында өтіп, оған «Росатомпром» басшылығы да келді.
«Онда қажетті материалдар даярлау үшін тиісті тапсырмалар берілді. Дайындық жұмыстарына тоқталатын болсақ, үш жер телімін бөліп, сумен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету тұрғысында тиісті мәліметтерді ұсындық»,-деді Б. Сапарбаев.