"Атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек" - Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек" - Мемлекет басшысы

"Атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек" - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом электр станциясын салу бойынша Қазақстан халқына жолдауында айтты.

  • 2 Қыркүйек
  • 24
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру өте өзекті мәселе. Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілу тиіс. Көп тұтынсаң. көп төлейсің қағидасын басшылыққа алу қажет. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі, экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом энергетикасы жұмыс істеп тұр. Біз өз елімізге тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз қажет. Сондықтан мен Атом электр станциясын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Ел өміріндегі ең маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр станциясы туралы реформға қатысты да дәл солай болу керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым. Яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпы ұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпы ұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде бұл халық үніне құлақ асатын мемлекетке тән сипат», — деді Мемлекет басшысы.