"Аттан түс қарағым, әйел құлың емес": Үйіне келгенде тамақ дайын болмағаны үшін әйелімен ажырасқан қазақ жігіті елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аттан түс қарағым, әйел құлың емес": Үйіне келгенде тамақ дайын болмағаны үшін әйелімен ажырасқан қазақ жігіті елді шулатты

"Аттан түс қарағым, әйел құлың емес": Үйіне келгенде тамақ дайын болмағаны үшін әйелімен ажырасқан қазақ жігіті елді шулатты

Желіде "Адай in usa" лақап атымен белгілі болған Асқар есімді жігіт үйіне келгенде әйелі тамақ бермегені үшін ажырасып кеткен.

  • 15 Қаңтар
  • 58
Instagram/abdulla_kz

Көпшілік оны осы әрекеті үшін сынап тастады, дп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлім еткен.

«Араласып, бірге тұрдық. Тұрмыстық деңгейде, демократия, феминизм, бәрін түсінемін. Бар ондай адамдар, мен үйде бастықпын, мен ақша табамын, мен бәрін төлеймін, мен қауіпсіздікке жауап беремін деген. Менің жұмысыма араласпа дейді, мен жарайды дедім.

Жұмыс істегің келсе істе, ітегің келмесе істеме, өз шешімің. Мен үйге келгенде дәмді, жөнді тамақ болу керек. Басында бәрі жақсы болды, одан кейін ұрыс шығара бастады, қайта татуластық.

Сөйтіп бір күні мен үйге келдім, мен адам сияқты тамақ жегім келді. Бешбармақ жегім келді. Келсем үйде «дурдаштың» тамағы, ол жай фаст фуд қой және мұздап қалған. Болды, осыдан кейін шыдай алмадым. Солай ажырасып кеттік», — деді ол.

Халық қазақ жігітінің ойымен келіспей, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.