Жарияланды: 320

Аттестациядан кейін 4 мыңдай полицей жұмыстан қуылған

Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы сиреп қалды. Өйткені біліксіз кадрлерден «тазарту» науқаны аяқталып, нәтижесінде төрт мыңға жуық полицей жұмыстан қуылған.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

- 73 мың қызметкер өтті аттестациядан. 3900 адам жұмыстан шығарылды.

Ал екі мың тәртіп сақшысы аттестация басталмай жатып одан өтуден өз еркімен бас тартыпты. Сөйтіп, алдын-ала жұмыстан шығып кеткен. Шендісі бар, қатардағысы бар 10700 полицей атқарып отырған қызметіне сай емес деп танылған. Бірқатары органнан қуылса, бірсыпырасының лауазымы төмендетілген. Министрлік сынақтан сүрінгендермен енді шаруамыз жоқ деп отыр. Сондықтан сыннан өте алмағандар екі қолға бір күректі өздері тауып алуы керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін