Аттестаттау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ТЖД-ның 32 қызметкері жұмыстан шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аттестаттау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ТЖД-ның 32 қызметкері жұмыстан шығарылады

Аттестаттау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ТЖД-ның 32 қызметкері жұмыстан шығарылады

Кеше Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қорытындысына арналған баспасөз-мәслихаты өтті.

  • 7 Қараша 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Вероника Цойдың мәлім еткеніндей, департамент бойынша барлығы 605 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның ішінде жоғары аттестаттау комиссиясынан — 1 қызметкер, орталық аттестаттау комиссиясынан — 14 қызметкер және өңірлік аттестаттау комиссиясынан 590 қызметкер өтті.

Нәтижесінде ТЖД-ның 18 қызметкері атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылды, 528-і атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылса, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келмейтін 22 қызметкер қызмет бойынша төмендетуге, 5 қызметкер басқа қызметке (лауазымға) ауыстырылуға және 32 қызметкер құқық қорғау органынан қызметтен босатуға ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар