Caravan Logo

Аттестаттау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ТЖД-ның 32 қызметкері жұмыстан шығарылады

Аттестаттау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ТЖД-ның 32 қызметкері жұмыстан шығарылады

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Вероника Цойдың мәлім еткеніндей, департамент бойынша барлығы 605 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның ішінде жоғары аттестаттау комиссиясынан - 1 қызметкер, орталық аттестаттау комиссиясынан - 14 қызметкер және өңірлік аттестаттау комиссиясынан 590 қызметкер өтті.

Нәтижесінде ТЖД-ның 18 қызметкері атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылды, 528-і атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылса, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келмейтін 22 қызметкер қызмет бойынша төмендетуге, 5 қызметкер басқа қызметке (лауазымға) ауыстырылуға және 32 қызметкер құқық қорғау органынан қызметтен босатуға ұсынылады.