Бұл туралы ол "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазір баламызға 4 ай болып қалды. Осыдан 3 жыл бұрын біз отау құрғаннан кейін барлығының бірінші сұрағы бала болды. Туысқан болсын, таныс болсын. Ол негізі жеке сұрақ қой, көбісі түсінбейді. Баланы туа салу оңай деп ойлайды. Бірақ, барлығы өз уақытымен, тағдырдың жазғанымен бізге осы жылы бұйырды. 17 ақпан күні ата-ана атандық. Сәбиіміз Алматыда дүниеге келді. Зейін деп атын қойдық. Атын мен өзім қойдым. Қазір біздің үйіміздің шынымен де үлкен-үлкен қуанышы болып жүр, Мәдидің досы, екеуінің байланыстары ерекше. Анамнан нұсқалар бар ма, қалай ойлайсыз деп сұрадым, анам "Сен өзің қалай шешесің, сөйтіп қоямыз", өйткені сенің таңдауыңа сенімдіміз" деп, батасын берді. Бірақ, мен екі-үш нұсқаны ұсынғанда, ол өз қалауын айтты. "Зейін" оған шынымен де басқа нұсқаларға қарағанда көбірек ұнады. Сөйтіп батасын алып қойдық", -дейді ол.
Сондай-ақ, әнші балаға қараудан қашпайтынын да айтты.
"Мен балаға қатысты барлық жұмыстарға қатысамын. Түн ішінде тұрамын, памперсін ауыстырамын, тамағын дайындап беремін. Кішкене бұзып жіберсе оның бәрін жуамын", — дейді Әли Оқапов.