Атырау-Алматы пойызы күнделікті қатынайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.68
  • 568.23
0 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау-Алматы пойызы күнделікті қатынайтын болды

Атырау-Алматы пойызы күнделікті қатынайтын болды

2025 жылдың 14 желтоқсанынан бастап №41/42 Атырау – Алматы бағыты бойынша жүретін пойыздың қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады

  • 1 Желтоқсан 2025
  • 4
ФОТО: "Жолаушылар тасымалы"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, бұл шешім еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ қысқы кезеңде жолаушылар үшін қолайлықты арттыруға бағытталған.

Пойыз құрамында 15-тен аса жаңартылған купе және плацкарт вагондары бар. Бұл маршрут шамамен 700 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.