Атырау балығы Еуропа мен ТМД-ға экспортқа шығарылады (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау балығы Еуропа мен ТМД-ға экспортқа шығарылады (ФОТО)

Атырау балығы Еуропа мен ТМД-ға экспортқа шығарылады (ФОТО)

Атырау мұнай өңдеушілері теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін өз өнімдерін экспортқа өткізу көлемін ұлғайтпақ. 

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 819
Фото - Caravan.kz


«Біздің кәсіпорын Ресейдің тұрақты тұтынушылармен ғана емес, Франция, Балтық маңындағы үш елмен, Украина, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстандағы әріптестермен шарттар жасасты. Осының барлығы таргеттеуден кейін мүмкін болды. Өткен жылы біз экспортқа 2 мың тонна кептірілген немесе қатырылған сазан, ақтабан, торта балық, шортан, жайын, көксерке етін шығарсақ, биыл сату көлемі азайды. Құнсызданған рубльге өнім сату тиімсіз болды. Теңге бағамын түзету кәсіпорынға сату көлемін қайта ұлғайтуға, келешекке жоспар құруға мүмкіндік берді», — деді Амангелді атындағы өндірістік кооперативтің бас технологы Жанна Ғайсина.

Теңге бағамының өзгеруінен алынған қосымша қаражатқа кәсіпорын балық кептіретін жаңа цех салуды жоспарлауда. Ол балық кептіруді жылы күндері ғана емес, жыл бойы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл көлемге де, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне де оң ықпал етеді. Кәсіпорын жоспарында консерві цехын салу бар.

Кәсіпорынға қаражат тек цехтардың өндірістік базасын дамытуға ғана қажет емес. Жаңа кеме, буксир сатып алу жоспарда бар. Бұл балық аулауды кеңейту үшін қажет.

Күзде 1 қыркүйекте жұмысын бастаған 12 кемесі бар өндірістік кооператив 3 мың тонна балық дайындауды жоспарлауда. Маусымда жұмысқа барлығы 700 адам жұмылдырылған, олардың 200-і тұрақты жұмыс істейтін қызметкерлер.

null 

null 

null

Соңғы жаңалықтар